Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылғы 22 мамырда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттері үшін жас толқын жастар денсаулық орталығының 3 қалалық емхананың гинекологы жеке бас гигиенасы тақырыбында семинар өткізілді.

2025 жылғы 22 мамырда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледж студенттері үшін «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының, №3 қалалық емхананың гинекологы Д. Түсіпбекованың қатысуымен «Жеке бас гигиенасы. ЖЖБИ-дің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында жеке бас гигиенасының маңыздылығы, күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу тәсілдері талқыланды. Студенттер репродуктивті денсаулықты сақтау және ағзаға жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында гигиеналық мәдениетті қалыптастыру, ЖЖБИ-дің қауіптілігі жөнінде хабардарлықты арттыру және аурулардың алдын алу дағдыларын дамыту.