2025 жылғы 21 мамырда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және колледж студенттеріне арналған репродуктивті денсаулық апталығы шеңберінде өзіңнің үздік нұсқаң бол тақырыбында тренинг өткізілді.
2025 жылғы 21 мамырда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және колледж студенттеріне арналған репродуктивті денсаулық апталығы шеңберінде №3 қалалық емханасының «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының психологы Д. Ильяшованың қатысуымен «Өзіңнің үздік нұсқаң бол» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында өзін-өзі дамыту, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, саналы көзқарас пен мотивацияны арттыру мәселелері талқыланды. Студенттер белсенді түрде қатысып, жағымды ойлау мен эмоционалдық интеллектті дамытуға қатысты пайдалы кеңестер алды. Іс-шараның мақсаты – жастардың өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру, психологиялық денсаулықты нығайту және болашаққа жауапкершілікпен қарауды дамыту.