19-21 мамыр аралығында Алматы қаласының халықаралық бизнес академиясының колледжі жанындағы business startup студенттік орталығында бизнес аруы 2025 республикалық байқауы өтті.
19-21 мамыр аралығында Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі жанындағы «Business Startup» студенттік орталығында «Бизнес аруы-2025» республикалық байқауы өтті, Байқау «Мен-кәсіпкер» гранд турнирі аясында кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға ұмтылатын, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі. Астана қаласы атынан Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері («Бизнес аруы-2025» өңірлік байқауының жеңімпаздары): Мұсабай Айдана, Қабыл Бақыт, Саттыбаева Алтынай қатысты. Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінің 50 өкілі қатысты. Біздің колледж командасы 3 жүлделі орынға ие болды. Қыздарымызды жеңісімен құттықтап, жетекшісі А.А.Бекеноваға зор алғысымызды білдіреміз.