2025 жылғы 14 мамырда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжде алаяқтардың құрбаны болмау жолдары тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
2025 жылғы 14 мамырда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжде алаяқтардың құрбаны болмау жолдары тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс-шараны колледждің тәрбие бөлімі ұйымдастырды.
Студенттермен кездесуде Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының ОПК ОКП жедел уәкілі, полиция капитаны Сеилканов Ризат сөз сөйлеп, кең таралған алаяқтық түрлері мен сақтану шаралары туралы баяндап берді.
Іс-шара барысында бейнематериалдар көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылды, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.