2025 жылдың 6 мамырында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 мамыр ҚР Карулы Күштерінің күніне орай мереке өтті.
2025 жылдың 6 мамырында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, 7 мамыр - ҚР Карулы Күштерінің күніне және 9 Мамыр - ҰОС Жеңістің 80 жылдығына орай колледжімізде 1-курс студенттері арасында дәстүрлі «Сапта сымбатты – ұрыста айбатты» атты сап және ән байқауы өтті! Студенттер саптық дайындықта шеберліктерін көрсетіп, әскери әндерді орындап, нағыз патриоттық рухты сездірді. Байқау – тек жарыс қана емес, Отанға деген сүйіспеншілікті оятатын маңызды тәрбие құралына айналды. Ұрпаққа өнеге болған батыр бабалар ерлігі – жүректе,
Еліміздің қорғаны болар жастар – сапта!