Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында жаратылыстану математикалық пәндер бойынша қалалық олимпиада өткізілді.

2025 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында жаратылыстану математикалық пәндер бойынша қалалық олимпиада өткізілді.
2025 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМК ұйымдастыруымен «Техникалық колледж» ШЖҚ-на қарасты КМК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша қалалық олимпиада өткізілді. Аталған дәстүрлі зияткерлік сайысқа елордалық колледж студенттері белсенді қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің колледж студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетті. География пәні бойынша Панкерей Арлан ІІ орынға ие болды (ғылыми жетекшісі — Естемесов Талғат Нурмагамбетович), ал биология пәнінен Рамазан Алихан ІІІ орын иеленді (ғылыми жетекшісі — Кубашева Айнагүл Сериккалиевна). Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Студенттерді сапалы дайындаған оқытушыларға алғысымызды білдіреміз. Жас дарындарға жарқын болашақ пен толағай табыс тілейміз!