2025 жылы 24 сәуірде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласы колледждерінің қатысуымен ерлікке тағзым күні атты ерлік сабағы өтті.
2025 жылы 24 сәуірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы колледждерінің қатысуымен «Ерлікке тағзым күні» атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасы Пшихавр шатқалындағы шайқаста ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің (қазіргі – Ұлттық ұлан) 7 – құрама ротасының 17 батыр сарбаздарының ерліктерін еске түсіруге арналды.