Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылғы 22 сәуірде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

2025 жылғы 22 сәуірде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

2025 жылғы 22 сәуірде Жоғары көлік және коммуникация колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Колледж үшін үлкен мақтаныш – 4 курс студенті Михаил Гордей 3W07160501 – тепловоз машинисінің көмекшісі біліктілігі бойынша Республикалық байқауда бірінші орынды иеленіп, үздік атанды.
Михаил өз жетістігі үшін сертификатпен және естелік сыйлықпен марапатталды. Бұл жеңіс оның тәлімгерлері – Калиев Орал Тастыбаевич пен Карагулова Динара Толегеновнаның кәсіби дайындығы мен қолдауының нәтижесі болды.
Іс-шара аясында колледждің әлеуметтік серіктесі – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары Асан Ізтілеуұлы Үмбетовпен кездесу өтті. Ол студенттермен еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, теміржол саласындағы заманауи талаптар мен мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Кездесу соңында колледж бен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және еңбек нарығына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болды.