2025 жылғы 22 сәуірде Көлік және коммуникация Жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті.
2025 жылғы 22 сәуірде Көлік және коммуникация Жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Локомотив машинисінің көмекшісі — 3w07160501 біліктілігі бойынша I орын алған 4 курс студенті Гордей Михаил колледжге ерекше мақтаныш әкелді.
Ерекше жетістіктері үшін Михаил сертификатпен және естелік сыйлықпен марапатталды. Оның жетістігі тәлімгерлер-Калиев Орал Тастыбайұлы мен Қарағұлова Динара Төлегенқызының жетекшілігімен қажырлы дайындықтың нәтижесі болды.
Іс — шара аясында колледждің әлеуметтік серіктесі - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Асан Үмбетовпен кездесу өтті. Ол студенттермен тәжірибесімен бөлісті және теміржол саласындағы мансап туралы құнды кеңестер берді.
Іс - шара колледж мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды, бұл оқу бағдарламаларын жетілдіру және білікті кадрларды даярлау үшін негіз болады.