2025 жылғы 22 сәуірде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жоспарына сәйкес Астана қаласы колледждерінің қатысуымен ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс атты мерекелік концерт өтті.
2025 жылғы 22 сәуірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы колледждерінің қатысуымен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтті.
Концертте студенттер патриоттық және шығармашылық нөмірлерін ұсынып, ел тарихына деген құрметті дәріптеді.
Шараның құрметті қонақтары – ардагерлер, зейнеткерлер, Ауған соғысының қатысушылары мен Чернобыль апатын жоюшылар болды. Студенттер үшін бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды.
Мұндай іс-шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және тарихи жадыны сақтауға ықпал етеді.