Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылдың 22 сәуірінде арнайы пәндер оқытушылары 100 бейіндік мектеп жобасы аясында 36 орта мектептің оқушыларымен теміржол саласы мамандықтары бойынша кәсіби бағыт бағдар сабағын өткізді.

2025 жылдың 22 сәуірінде арнайы пәндер оқытушылары 100 бейіндік мектеп жобасы аясында 36 орта мектептің оқушыларымен теміржол саласы мамандықтары бойынша кәсіби бағыт бағдар сабағын өткізді.

2025 жылдың 22 сәуірінде арнайы пәндер оқытушылары Матвеева Л.И. мен Сырымбетова Г.С. «100 бейіндік мектеп» жобасы аясында №36 орта мектептің оқушыларымен теміржол саласы мамандықтары бойынша кәсіби бағыт-бағдар сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы. Станция кезекшісінің қызметі».
Оқушылар әртүрлі вагон түрлерімен және олардың қолдану салаларымен танысып, жүк пен жолаушыларды тиісті вагондарға ойын түрінде бөлуді үйренді. Сонымен қатар, олар теміржол макеті мен тренажерда станция кезекшісі ретінде жұмыс жасап, пойыз қозғалысын үйлестіріп, өздерін станция меңгерушісі рөлінде сынап көрді.
Сабақ мазмұнды, қызықты өтті және оқушыларға болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар берді.
Оқушылардың таңдауы сәтті, жолдары ашық болсын!

Директордың ОІЖ орынбасары: А. Канапина
Жұмыспен қамту және мансап орталығының меңгерушісі: Н. Қасқатаев