Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің тәртіпті өзіңнен баста акциясы аясында кездесу өткізіліп дәріс оқылды.

2025 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің тәртіпті өзіңнен баста акциясы аясында кездесу өткізіліп дәріс оқылды.
2025 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бөлім прокурорлары Б. Мұхамедали және М. Шәуәли, Астана ст. ЖПБ инспекторлары Ұ. Жоракулова және А. Канешевпен Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттерімен «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында кездесу өткізіліп, дәріс оқылды.
Кездесудің негізгі мақсаты - өскелең ұрпаққа қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа қатысты өзекті мәселелерді, құқық бұзушылықтың жасалу салдары, оның ішінде белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өткені үшін жауапкершілік туралы түсіндіру, Департаменттің заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлімен таныстыру.
Сонымен қатар Астана ст. ЖПБ инспекторларымен студенттерге теміржолдағы жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.