2025 жылғы 16 сәуірде біртұтас тәрбие бағдарламасы және ұлы отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналған іс шаралар жоспары аясында колледж мұражайының меңгерушісі тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.
2025 жылғы 16 сәуірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспары аясында колледж мұражайының меңгерушісі, «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Естемесов Т.Н., әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Кенжебеков Ж.А. және «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жексекеева Бахытгүл Хасенқызының қатысуымен «Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандық батырлар», «Қазақстандық – Михаил Абдолов, Кеңес Одағының Батыры» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге қазақстандық батырлардың ерлігін үлгі ете отырып, патриоттық тәрбие беру. Дөңгелек үстел барысында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы мәліметтер ұсынылып, тарихи деректер мен мұрағаттық материалдар негізінде пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша патриоттық тәрбие, тарихи-ағарту жұмыстары және Ұлы Отан соғысы батырлары туралы ақпаратты кеңінен насихаттау бағытында ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.