2025 жылғы 15 сәуірде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжде студенттермен Ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының аға жедел уәкілі каратаев нурлан сеитгапаровичпен кездесу өтті.
2025 жылғы 15 сәуірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледжде студенттермен Ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының аға жедел уәкілі Каратаев Нурлан Сеитгапаровичпен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы – «Кәмелетке толмағандар арасындағы бопсалау».
Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Кездесу соңында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, маманнан толық әрі нақты жауаптар алды.