Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылдың 15 сәуірінде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қалалық 3 емхананың профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің салауатты өмір салтын қалыптастыру студенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбында дәр

2025 жылдың 15 сәуірінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қалалық №3 емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері А. Нұрмағамбетов студенттерге «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге МӘМС жүйесінің мақсаты мен артықшылықтары, оның жұмыс істеу тәртібі, сақтандырылған тұлғалардың санаттары және осы жүйе шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізімі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, жарналарды уақытылы төлеу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара жастардың медициналық сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған.