Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Бүгін Астана қаласындағы жоғары көлік және коммуникация колледжінде қалалық жоспарда көрсетілгендей жетістіктер тарихы атты іс шара өтті.

Бүгін Астана қаласындағы жоғары көлік және коммуникация колледжінде қалалық жоспарда көрсетілгендей жетістіктер тарихы атты іс шара өтті.

Бүгін Астана қаласындағы ШЖҚ МКК “Жоғары көлік және коммуникация колледжінде” қалалық жоспарда көрсетілгендей “Жетістіктер тарихы” атты іс-шара өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады, әрине бұл іс-шараның басты мақсаты- жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, түлектердің жетістіктерін атап өту және колледж бен еңбек нарығы арасындағы байланыстарды нығайту. 
Іс-шараға Қазақстан Республикасы темір жол саласының жетекші мамандарының бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Рахметов Сакен Маратұлы және бас менеджері Базилов Канат Маратұлы шақырылды. Олар өз өмірінің еңбек жолында жеткен жетістіктері, кездескен қиындықтары мен қызықты оқиғалары туралы айтып, колледж түлектеріне құнды кеңестер берді.
Олар өзінің мансап жолындағы алғашқы қадамдардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін бөлісіп, жастарға табандылық пен еңбекқорлықтың маңыздылығын түсіндірді. Бұл кездесуде түлектерге тек еңбекке деген көзқарас ғана емес, сонымен қатар саладағы жаңа мүмкіндіктер мен болашақта осы бағытта қандай өзгерістер болатыны туралы да маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, бұл іс-шараның тағы бір ерекше сәті — мекеме мен колледж арасында меморандумдық келісім-шартқа қол қою рәсімі болды. Бұл келісім колледж бен салалық компания арасында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, оның ішінде колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру бойынша бірлескен жобалар атқарылмақ.