Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Бүгін 2025 жылдың 2 сәуірінде магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Маратұлы Рахметов өзі тәмамдаған жоғары көлік және коммуникациялар колледжінде қонақта болды.

Бүгін 2025 жылдың 2 сәуірінде магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Маратұлы Рахметов өзі тәмамдаған жоғары көлік және коммуникациялар колледжінде қонақта болды.
 Бүгін, 2025 жылдың 2 сәуірінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральдық желі дирекциясының» директоры Сәкен Маратұлы Рахметов өзі тәмамдаған Жоғары көлік және коммуникациялар колледжінде қонақта болды. 
Бұл кездесу студенттер үшін маңызды оқиғаға айналды, себебі Сәкен Маратұлы өзінің кәсіби тәжірибесі мен мансаптық жолы жөнінде бөлісті.
Кездесуде Сәкен Маратұлы колледждің подкастына қонақ болып, қарапайым жасөспірімнен, еліміздің ең ірі көлік бөлімдерінің бірінің басшысына дейінгі жолын баяндап берді.
Ол білім мен еңбек маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан үшін теміржол саласының дамуының мәнін атап өтті.
Сәкен Маратовичпен қатар, шараға «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы - «Магистральдық желі дирекциясының» Жол және құрылыс департаменті директорының орынбасары Қанат Маратұлы Базилов қатысты. Қанат Маратұлы да осы колледждің түлегі болып табылады және кездесу барысында студенттерге теміржол саласы бойынша лекция оқып,сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында Сәкен Маратұлы колледж әкімшілігіне сала кадрларын даярлауға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табыс етті.