Құрметті ата - аналар мен мектеп түлектері
Құрметті ата-аналар мен мектеп түлектері!
Өз болашағыңыз үшін дұрыс мамандық таңдауға дайынсыз ба?
???? Жоғары көлік және коммуникация колледжі 2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды бастайды!
???? Қабылдау 25 маусымнан басталады.
✅ Заманауи материалдық-техникалық база
✅ Тәжірибелі оқытушылар құрамы
✅ Өндірістік тәжірибе және жұмысқа орналасу мүмкіндігі
✅ Мемлекеттік грант негізінде оқу
???? Мамандықтар:
* Логистика (салалар бойынша)
* Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
* Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану
* Радиотехника, электроника жәнетелекоммуникациялар
* Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
* Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
* Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
* Жол қозғалысын ұйымдастыру
* Менеджмент (қолдану салалары бойынша)
* Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
* Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану
Оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды дайындау қажет:
✅ Өтініш (колледжде жазылады)
✅ Аттестаттың түпнұсқасы
✅ 075-У медициналық анықтамасы (флюорография, QR міндетті)
✅ 3×4 көлеміндегі 4 фотосурет
???? Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды және әлеуметтік мәртебеңізді растайтын құжаттарды алып келуді ұмытпаңыз.
????Мекен жайымыз: Астана қаласы, Конституция көшесі, 10