Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАР ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАР ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
???????? БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАР ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ!
???? Қытайдың Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық институтында ұйымдастырылған халықаралық Жазғы мектеп бағдарламасының жабылу салтанаты өтті.
Жабылу рәсімінде бағдарлама қорытындыланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жазғы мектеп аясында заманауи зертханаларда тәжірибелік сабақтарға қатысып, жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгерді. Бағдарлама теория мен тәжірибені ұштастыра отырып ұйымдастырылып, қатысушыларға халықаралық білім беру ортасымен танысуға мүмкіндік берді.
???? Халықаралық Жазғы мектеп бағдарламасы білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына, дүниетанымын кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа білім мен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.
Жазғы мектеп бағдарламасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алған білімдері мен тәжірибелері жаңа жетістіктерге бастай берсін! ????????????????????