Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Қытайдағы жазғы мектеп бағдарламасы өз мәресіне жетті

Қытайдағы жазғы мектеп бағдарламасы өз мәресіне жетті
???????????????? Қытайдағы жазғы мектеп бағдарламасы өз мәресіне жетті!
Астана қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенттері Қытайдың Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық институтында өткен халықаралық тағылымдаманы сәтті аяқтады.
Тағылымдама барысында студенттер электрондық құрылғыларды құрастыру, қолмен дәнекерлеу, баспа платаларын дайындау, микроконтроллерлермен жұмыс істеу және Bluetooth арқылы басқарылатын шағын көлікті құрастыру бағыттары бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты. Барлық жұмыстар заманауи зертханаларда өтіп, студенттер кәсіби дағдыларын жетілдіріп, халықаралық тәжірибе жинақтады.
Сонымен қатар, қатысушылар Қытайдың мәдениетімен, тарихымен және дәстүрімен танысып, Чжэнчжоу қаласының көрікті орындарын аралап, ұмытылмас әсер алды.
Осындай үлкен мүмкіндік сыйлап, халықаралық тәжірибе алмасуға жол ашқан Астана қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің басшылығына және ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бұл сапар студенттеріміздің кәсіби дамуына, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына үлкен серпін берді. Алдағы уақытта алған білімі