Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Жазғы мектеп аясында Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының студенттері электрондық өнімдерді жасау және Bluetooth арқылы басқарылатын шағын көлік модулін құрастыру бойынша практикалық сабақтардан өтті.

Жазғы мектеп аясында Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының студенттері электрондық өнімдерді жасау және Bluetooth арқылы басқарылатын шағын көлік модулін құрастыру бойынша практикалық сабақтардан өтті.
Теориядан тәжірибеге – сенімді қадам!
Жазғы мектеп аясында «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенттері электрондық өнімдерді жасау және Bluetooth арқылы басқарылатын шағын көлік модулін құрастыру бойынша практикалық сабақтардан өтті.
Сабақ барысында студенттер өз қолдарымен электрондық құрылғыларды құрастырып, сымдарды жалғау, модульдерді қосу және баптау жұмыстарын орындады. Сонымен қатар, заманауи зертханалық аудиториялармен танысып, оқу үдерісінде қолданылатын озық технологиялар мен кәсіби жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты.
Практикалық жұмыстар аясында студенттер робототехника элементтерімен жұмыс істеп және электрондық жүйелерді жобалау бағытындағы заманауи шешімдерді меңгерді.
Осындай тәжірибелік сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, халықаралық тәжірибе алмасуға және болашақ маман ретінде дамуына үлкен мүмкіндік береді.