Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Арнайы пәндер оқытушысы Абилкасова Нургуль Айтбаевнаның жетекшілігімен Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері Қытай Халық Республикасына жазғы мектеп бағдарламасы аясында аттанды.

Арнайы пәндер оқытушысы Абилкасова Нургуль Айтбаевнаның жетекшілігімен Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері Қытай Халық Республикасына жазғы мектеп бағдарламасы аясында аттанды.
Арнайы пәндер оқытушысы Абилкасова Нургуль Айтбаевнаның жетекшілігімен «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері Қытай Халық Республикасына жазғы мектеп бағдарламасы аясында аттанды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби білімін жетілдіру, телекоммуникация саласындағы заманауи технологиялармен таныстыру және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.
Жазғы мектеп барысында студенттер Қытайдың Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық институтында телекоммуникациялық жабдықтарды монтаждау және баптау бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысып, өндірістік ортада практикалық дағдыларын дамытады.
Бұл тағылымдама студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық тәжірибені меңгеруге және бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтып, шет тілін дамытуға және жаһандық еңбек нарығына бейімделуге зор мүмкіндік береді.