Арнайы пәндер оқытушысы Жұмабек Таңнұрдың жетекшілігімен логистика мамандығының студенттері Қытай Халық Республикасына жазғы тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында жолға шықты.
Арнайы пәндер оқытушысы Жұмабек Таңнұрдың жетекшілігімен логистика мамандығының студенттері Қытай Халық Республикасына жазғы тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында жолға шықты.
Бағдарламаның мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, халықаралық тәжірибемен таныстыру және логистика саласындағы заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік жасау.
Қытай – көлік-логистикалық инфрақұрылымы жоғары деңгейде дамыған, цифрлық шешімдерді кеңінен қолданатын әлемдік көшбасшы елдердің бірі. Сапар барысында студенттер автоматтандырылған қойма жүйелерімен, тиімді жеткізу тізбектерімен, заманауи көлік желілерімен танысып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады.
Сонымен қатар, білім алушылар халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеріп, мәдениетаралық байланыс орнатып, шет тілін дамытуға мүмкіндік алады.
Бұл тағылымдамадан алған білім мен тәжірибе олардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына өз үлесін қосуына жол ашады.
Сәтті сапар тілейміз!