БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
???????? БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ!
???? Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық институтында ұйымдастырылған Жазғы мектеп бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу барысында қатысушылар бағдарлама мақсатымен танысып, оқу процесі мен алдағы тәжірибелік жұмыстар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар студенттер институттың білім беру жүйесімен танысып, халықаралық білім беру ортасындағы алғашқы кездесулерін өткізді.
???? Бағдарлама аясында білім алушылар логистика және телекоммуникация салалары бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.
???? Халықаралық тәжірибе алмасу студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға және жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға жол ашады.
Студенттерімізге сәттілік тілейміз! Жазғы мектептен мол тәжірибе мен жарқын әсер алып қайтсын! ✨