2025 - 2026 оқу жылының түлектеріне арналған диплом табыстау салтанаты жоғары деңгейде өтті.
«Білімнен биік белеске!»
2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған диплом табыстау салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Биыл колледжімізді 4 бөлім бойынша 18 топтан құралған, 12 мамандықты игерген 353 түлек сәтті тәмамдады. Бұл – білім мен еңбектің, табандылық пен ізденістің жарқын нәтижесі.
1945 жылдан бастау алатын бай тарихы бар оқу орнымыз осы уақытқа дейін мыңдаған білікті маманды даярлап, еліміздің теміржол және көлік саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінгі түлектеріміз де осы игі дәстүрді лайықты жалғастырып, өз білімдері мен кәсіби біліктілігін ел игілігіне жұмсайтынына кәміл сенеміз.
Құрметті түлектер, алдарыңыздан ашық аспан, жарқын болашақ, толағай табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз! Қайда жүрсеңіздер де колледжіміздің абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындыра беріңіздер.
Біз сіздермен мақтанамыз! ????✨