Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Колледжімізде ерекше кездесу.

Колледжімізде ерекше кездесу.
Колледжімізде ерекше кездесу!

Бүгін әлеуметтік серіктесіміз — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Рахметов Сакен Маратұлы колледжімізде болды! 

Құрметті қонағымыз зертханалық кабинеттерімізге экскурсия жасап, студенттер мен түлектерге жаңа технологиялық жабдықтармен танысуға мүмкіндік берді. Сакен Маратұлы өз оқыған кездегі материалдық базаның қазіргі заманға сай, озық жабдықтармен толықтырылғанына таңданыс білдірді. Бұл біздің колледждің білім беру сапасын арттыруға арналған маңызды қадамдар екенін дәлелдейді. 

Студенттеріміз үшін бұл экскурсия болашақ мамандықтары бойынша терең білім мен тәжірибе алу мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсеткен іс-шара болды!