Колледжімізде дәстүрлі Жұлдыздар шеруі - 2026 салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
✨ «Жұлдыздар шеруі – 2026» ✨
Колледжімізде дәстүрлі «Жұлдыздар шеруі – 2026» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында оқу жылы ішінде білім, спорт, өнер және қоғамдық жұмыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген белсенді студенттер марапатталды. Үздіктерге колледж директорының Алғыс хаты табысталып, олардың еңбегі мен жетістіктері ақшалай сыйақымен ынталандырылды.
Бұл мереке – студенттердің табанды еңбегі мен жарқын жетістіктерін дәріптейтін ерекше шара. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
???? Жетістікке жетелейтін жол ешқашан тоқтамасын!