Оқуға құштар колледж жобасы - саналы оқуға бастар жол
«Оқуға құштар колледж» жобасы – саналы оқуға бастар жол
«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында студенттер көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттерді жүйелі әрі саналы түрде оқуға белсенді қатысуда.
Педагог Абилкасова Нургуль Айтбаевнаның жетекшілігімен 1РЭТ-425Б тобында оқырмандық сауаттылықты дамытуға және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Осы кезеңде төмендегідей оң нәтижелер байқалуда:
✔ кітапты тұрақты оқитын студенттер санының артуы
✔ оқырмандық қызығушылықтарының кеңеюі
✔ оқылған шығармаларды талдау және пікір алмасу дағдыларының дамуы
✔ әдеби іс-шараларға қатысу белсенділігінің жоғарылауы
Жоба аясында:
???? оқу минуттары ұйымдастырылады
???? көркем шығармаларды талқылау жұмыстары жүргізіледі
???? оқырман күнделіктерімен жұмыс жасалады
???? әдеби викториналар мен кітап клубтарының отырыстары өткізіледі
Кітап оқу студенттер үшін міндет қана емес, олардың ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал ететін қызықты әрі маңызды өмір салтына айналуда.