21 наурыз 2025 жылы біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжіміздің 80 жылдық мерейтойына және көктемнің жарқын мерекесі наурыз мейрамына орай студенттер үйінде ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы атты тәрбие сағаты өтті.
21 наурыз 2025 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледжіміздің 80 жылдық мерейтойына және көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамына орай студенттер үйінде “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы!” атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара аясында студенттер ұлттық дәстүрлермен танысып, салт-дәстүрге сай қойылымдар қойып, наурыз көже мен тәтті-дәмділерден дәм татты.
Наурыз – жаңару мен бірліктің символы.
Бұл күн – мейірімділік пен татулықтың бастауы!
Мерекелік көңіл-күй, ұлттық ойындар, жылы тілектер – бәрі де осы ерекше күннің ажырамас бөлігі болды. Осындай дәстүрлі мерекелер арқылы жастар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бірлігімізді нығайта түседі.