2026 жылғы 5 маусым күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжімізде Кариестің алдын алу және ауыз қуысы күтімі тақырыбында санитарлық-ағарту, түсіндіру жұмыстары өткізілді.
???? 2026 жылғы 5 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжімізде «Кариестің алдын алу және ауыз қуысы күтімі» тақырыбында санитарлық-ағарту, түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге кариестің пайда болу себептері, оның алдын алу жолдары және ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Қатысушылар дұрыс тіс күтімі, тиімді тазалау тәсілдері және стоматологқа уақытылы қаралу қажеттілігімен танысты. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, салауатты өмір салтын ұстану мен ауыз қуысы денсаулығын сақтауға қатысты пайдалы ұсыныстар айтылды. ✨ Денсаулық – басты байлық! Өз денсаулығыңызға бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз!