Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Ел рәміздері - елдігімнің айғағы танымдық байқауы 2026 жылғы 04 маусым күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ел рәміздері - елдігімнің айғағы атты танымдық байқау ұйымдастырылды.

???????? «Ел рәміздері – елдігімнің айғағы» танымдық байқауы

2026 жылғы 04 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Ел рәміздері – елдігімнің айғағы» атты танымдық байқау ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Байқау барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихы мен маңыздылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Сонымен қатар түрлі тапсырмалар мен зияткерлік кезеңдер арқылы мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы жан-жақты насихатталды.

Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырып, ел рәміздерін қастерлеуге баулиды. ????????✨