Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Мемлекеттік рәміздер ел мақтанышы, тәуелсіздік белгісі тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтуі туралы ақпарат

Мемлекеттік рәміздер ел мақтанышы, тәуелсіздік белгісі тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтуі туралы ақпарат
«Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы, тәуелсіздік белгісі» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтуі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы, тәуелсіздік белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың мәні мен маңызын түсіндіру болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы, авторлары және тәуелсіз еліміздің дамуындағы рөлі туралы пікір алмасты. Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігін нығайтудағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы кеңінен талқыланды.
Шара барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту және ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелері қозғалды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, олардың мәртебесін көтеру және жас ұрпаққа насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани-патриоттық тәрбие беруде үлкен әсер қалдырды.