2026 жылғы 04 маусым күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 1РЭТ-425б тобында Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
2026 жылғы 04 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 1РЭТ-425б тобында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат беріліп, олардың тарихи мәні мен маңыздылығы түсіндірілді. Білім алушылар мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен егемендігінің нышаны екенін атап өтіп, өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың патриоттық рухын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.