Ағымдағы жылдың 21 мамырында Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясында Бір белдеу, бір жол бастамасы аясындағы кәсіптік білім беру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі 10-шы халықаралық конференция өтті.
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы кәсіптік білім беру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі 10-шы халықаралық конференция өтті.
Форумда Шэньси провинциясы Білім департаментінің басшысы, Қырғыз Республикасының Қытайдағы Елшісі, сондай-ақ Әзербайжан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Білім министрліктерінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Форум жұмысына Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары көлік және коммуникация колледжінің" директоры Б.Е. Қапезов, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Сапар барысында қазақстандық делегация ҚХР-ның білім беру ұйымдарын, оның ішінде Сиань теміржол колледжі мен Сиань авиациялық политехникалық институтын аралады. Өткізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, тағылымдамалар ұйымдастыру және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен өнеркәсіп секторы арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін зерделеу мақсатында Xian Talent Group, BYD, Botok және басқа да өндірістік алаңдарға таныстыру сапарлары ұйымдастырылды.