2026 жылғы 2 маусым күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қауіпсіз жаз нашақорлықтың, АИТВ-инфекциясының алдын алу және жастар денсаулығын сақтау тақырыбында семинар өткізілді.
2026 жылғы 2 маусым күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қауіпсіз жаз — нашақорлықтың, АИТВ-инфекциясының алдын алу және жастар денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен психобелсенді заттардың зияны туралы ақпарат беру, АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдарын түсіндіру және жастардың жауапты өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Семинар барысында қатысушыларға есірткі және психобелсенді заттардың адам ағзасына, жүйке жүйесіне және психикалық денсаулыққа тигізетін кері әсерлері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндіріліп, зиянды әдеттердің салдары талқыланды.