1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында Адал азамат біртұтас тәрбие идеологиясы аясындағы Қамқор жобасы бойынша колледжіміздің ерікті студенттері, 1ОДД-225 тобы және топ жетекшісі Ибраева М.А. бірге Астана қаласы әкімдігінің Нұрлы жүрек әлеуметтік қызме
1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында «Адал азамат» біртұтас тәрбие идеологиясы аясындағы «Қамқор» жобасы бойынша колледжіміздің ерікті студенттері, 1ОДД-225 тобы және топ жетекшісі Ибраева М.А. бірге Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не барып, тәрбиеленушілермен жылы кездесу өткізді.
Кездесу барысында еріктілер балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, арнайы сыйлықтар табыстады. Балалармен бірге уақыт өткізіп, мейірім мен қамқорлықтың маңызын көрсетті.
Осындай игі бастамалар қоғамдағы жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарды нығайтып, жастардың бойында жауапкершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.