Бүгін колледжімізге Басқарма төрағасы - ALT университеті ректоры Жармагамбетова Меруерт Советовна, корпоративтік және әлеуметтік даму проректоры - Иванов Андрей Александрович арнайы іс - сапармен келіп, оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасымен, зер
Бүгін колледжімізге Басқарма төрағасы - ALT университеті ректоры Жармагамбетова Меруерт Советовна, корпоративтік және әлеуметтік даму проректоры - Иванов Андрей Александрович арнайы іс - сапармен келіп, оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен, оқу кабинеттерімен және білім беру процесімен танысты.
Құрметті қонақты колледж директоры Бірлік Еркінұлы арнайы қарсы алып, оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, кәсіби және техникалық білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, студенттердің тәжірибелік даярлығын жетілдіру, білім сапасын арттыру және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстардың маңызы ерекше екендігін атап өтті.
Кездесу барысында екіжақты тиімді келіссөздер жүргізіліп, серіктестікті дамыту, заманауи білім беру бағыттарын енгізу, өндіріс пен білім беру байланысын нығайту мәселелері талқыланды.
Осындай мазмұнды кездесулер оқу орындары арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, жастарға сапалы білім мен үлкен мүмкіндіктер ұсынуға негіз болары сөзсіз.