2026 жылғы 26 мамыр күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ҚР ҰҚК ШҚ Астана шекара бақылау басқармасының аға офицерлерімен Командалық рух табыстың жолы тақырыбында кездесу-сұхбат өтті.
2026 жылғы 26 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ҚР ҰҚК ШҚ Астана шекара бақылау басқармасының аға офицерлерімен «Командалық рух – табыстың жолы» тақырыбында кездесу-сұхбат өтті.
Кездесу барысында әскери мамандар студенттермен командалық жұмыс, тәртіп, жауапкершілік және бірліктің маңызы туралы ой бөлісті. Қонақтар өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, кез келген жетістікке ұйымшылдық пен өзара сенім арқылы жетуге болатынын атап өтті.
Сұхбат барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, әскери қызметтің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды. Іс-шара жастарды патриоттыққа, жауапкершілікке және елге қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталды.