2026 жылғы 25 мамыр күні Адал азамат бағдарламасы аясында Адамдар кітап оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады тақырыбында 2 студенттер үйінде кітапханалық квилт ұйымдастырылды.
2026 жылғы 25 мамыр күні “Адал азамат” бағдарламасы аясында «Адамдар кітап оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» тақырыбында №2 студенттер үйінде кітапханалық квилт ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде әдеттегідей «Қауіпсіздік сағаты» өткізілді. Онда арнайы шақыртылған қонақ қаламыздағы №3 емхананың дерматовенеролог дәрігері Санат Бостанов дәріс оқыды. Ал негізгі бөлімде сабақтың жалпы мақсаты етіп алынған студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітаптарды насихаттау және оқырмандарды кітап оқуға тарту шарасы айқындалды.
Шара барысында колледж студенттері оқу, білім, кітап туралы ой-пікірлерін түрлі түсті стикерлерге жазып, оқып тақтаға жапсырды.
Тәрбиеші Байтореева Ж.О кітап оқудың пайдасы туралы көптеген мағлұматтар беріп, студенттерді кітапханаға кітап оқуға шақырды.
Кітап таңдап талғап оқи білу оны білу оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.