2026 жылғы 21 мамыр күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Бірлік бар ел берекелі ел тақырыбында дискуссиялық алаң сұхбат форматында өткізілді
???? 2026 жылғы 21 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Бірлік бар ел – берекелі ел» тақырыбында дискуссиялық алаң сұхбат форматында өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер бірлік пен татулықтың қоғамдағы маңызы, жастардың ел болашағындағы рөлі және патриоттық құндылықтар жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Сұхбат барысында қатысушылар еркін ой алмасып, өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау жүргізді.
Кездесу жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, ел бірлігін қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталды. ????????✨