2026 жылғы 22 мамыр күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжде ВИЧ инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды
2026 жылғы 22 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжде «ВИЧ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ВИЧ-инфекциясының алдын алу жолдарын түсіндіру және зиянды әдеттердің адам денсаулығына әсері туралы ақпарат беру.
Семинар барысында студенттерге:
???? ВИЧ-инфекциясының таралу жолдары
???? Алдын алу шаралары
???? Қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті
???? Зиянды әдеттердің зияны туралы кеңінен түсіндірілді.
Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай тағылымы мол кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.