2025 жылғы 27 наурызда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттері үшін құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
2025 жылғы 27 наурызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледж студенттері үшін полиция капитаны, «Сарыарка» ауданы полициясының аға жедел уәкілі Бейсебай Нұрбақыт Ержанұлымен «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Нұрбақыт Ержанұлы студенттерге заңдылық пен тәртіпті сақтау маңыздылығын, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндірді. Ол қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша практикалық кеңестер беріп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда әр адамның рөлін атап өтті. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелерді талқылап, тәжірибелі маманнан пайдалы кеңестер алды.