WorldSkills Astana 2026 қалалық чемпионатының екінші күні өз жалғасын табуда
WorldSkills Astana 2026 қалалық чемпионатының екінші күні өз жалғасын табуда. Біздің колледж базасында 4 құзыреттілік бойынша чемпионат ұйымдастырылуда: «Инфрақұрылымдық желілер ИКТ», «Электроника», «Электровозды басқару», сондай-ақ «Темір жол көлігінде тасымалдау процесін басқару».
Қатысушылар өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге талпынып жатыр. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!