Құрметті студенттер оқытушылар және барша қауым.
Құрметті студенттер, оқытушылар және барша қауым!
Бүгін – 1 наурыз Алғыс айту күні! Бұл – ризашылық білдіріп, жақсылық пен мейірімділікке толы жүрек сөздерін айтуға тамаша мүмкіндік.
Біздің колледж сіздерге шын жүректен алғыс білдіреді:
Студенттерімізге – білімге деген талпыныстарыңыз бен белсенділігіңіз үшін!
Ұстаздарымызға – білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріңіз үшін!
Әріптестерімізге – ынтымақтастығымыз бен ортақ жетістіктеріміз үшін!
Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ризашылық білдіруден ешқашан шаршамайық! Жақсылық көбейе берсін!