Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы КММ және Жоғары көлік және коммуникация колледжі ШЖҚ МКК бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында қалалық дебат ұйымдастырылды.
Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ және «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында қалалық дебат ұйымдастырылды. Іс-шара 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өтті.
???? Дебат барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзекті экологиялық мәселеге түрлі қырынан қарады. Зерделі ойы мен ұшқыр қисыны арқылы ерекшеленген студенттер жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Төрешілер құрамы:
• Бақытұлы Ұланбек – N1 «Зерделі» мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
• Жұмахан Дәуіржан – «Астана Жастары» ЖРО, Жастармен тәрбие жұмысы және құқықбұзушылықтың алдын алу бөлімінің маманы
• Қадір Диана Жасұланқызы - үздік спикер
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің жетістіктеріңіз – білім мен табандылықтың нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, тек жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз! ????????