2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжі ШЖҚ МКК де Ұлттық кітап күні қарсаңында Оқуға құштар колледж бағдарламасы аясында Білім өмір шырағы атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК-де Ұлттық кітап күні қарсаңында, «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында «Білім — өмір шырағы» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – студенттердің білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылығын нығайту болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар – арнайы пән оқытушылары Аубакирова Т.Н. мен Абилкасова Н.А.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар блиц-сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер сайысында өз білімдерін көрсетті, сүйікті кітаптары бойынша бейнежазбалар ұсынып, әдеби викторинада бақ сынады.
Сайыс барысында студенттер жоғары белсенділік танытып, өздерінің жан-жақты білімдерін, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Қорытындысында қазылар алқасы үздік қатысушыларды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
Аталған интеллектуалдық сайыс жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, білімге деген қызығушылығын арттыруға және кітап оқуды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.
Әдіскер А.Бекенова