Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация колледжі студенттерімен және 119 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді.
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» студенттерімен және № 119 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді.
???? Іс-шараға колледж директоры Бірлік Еркінұлы Капезов, ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Ренат Қанатұлы Унарбеков, сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция инспекторы және Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кадр қызметкерлері қатысты.
????♂️ Кездесу барысында студенттер мен мектеп оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
????♀️ Сонымен қатар, кездесуге күрестен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы ҮМКж Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Гүлмарал Еркебаева қатысып, студенттер мен оқушыларға спорттың маңызы және салауатты өмір салты туралы өз ойымен бөлісті.
???? Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.