30 наурыз 2026 жыл Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасының Заң және тәртіп бағыты аясында күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қарастырылды.
30 наурыз 2026 жыл«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының«Заң және тәртіп» бағыты аясында күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қарастырылды.Топ жетекшілері студенттерге: ішкі тәртіп қағидаларын түсіндіріп, колледж ішінде және одан тыс жерлердегі мінез-құлық талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, білім алушылар арасында:
құқықбұзушылықтың алдын алу,
тәртіп сақтау,
қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттілігі атап өтілді.
Қазақстан Республикасында қоғамдық орындарда темекі шегуге қатаң тыйым салынғаны ескертілді.
Оған мыналар кіреді:
— темекі өнімдері
— кальян
— электронды құрылғылар (вейптер)
Тыйым салынған орындар:
қоғамдық тамақтану орындары
тұрғын үйлердің кіреберістері
қоғамдық көлік пен аялдамалар
білім беру ұйымдары
денсаулық сақтау мекемелері
жұмыс орындары