8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай колледжімізде Көктемгі әуен аруларға арнау атты құттықтау концерттік кеші өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай колледжімізде
«Көктемгі әуен – аруларға арнау» атты құттықтау концерттік кеші өтті.
Кеш барысында колледж ұлдары нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, әсем әндер мен жүрекжарды тілектерін арнады. Мерекелік кеш жылы атмосфераға, көтеріңкі көңіл-күйге және әдемі сәттерге толы болды.
Барша аруларды мерекемен құттықтаймыз!
Әрдайым көктемдей құлпырып, шаттық пен бақытта жүре беріңіздер!