2025 жылғы 14 наурызда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спорт күніне сарыарқа ауданына қарасты кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары студенттері арасында өтті.
2025 жылғы 14 наурызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық спорт күніне Сарыарқа ауданына қарасты кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары студенттері арасында өтті. Студенттер өз күштері мен шеберліктерін асық ату және армрестлинг бойынша сынға салды.
Армрестлинг бәсекесі тартысты өтіп, қатысушылар өз мықтылығын дәлелдеуге бар күш-жігерін салды. Жарыстың әр сәті нағыз жігер мен батылдықтың көрінісі болды.
Жарыстың жеңімпаздары:
I орын Жоғары көлік және коммуникация колледжі
II орын ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі
III орын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің колледжі
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптеп, салауатты өмір салтын ұстанайық!